Туған елім

    «Туған елім» хабарында еліміздің орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына сапар шегесіз. Сіздерді киелі өлке топырағымен таныстыратын: актер, компазитор Қадырғали Көбентай және жас актер Медет Рахымбергенов. Қос жүргізуші әр хабар барысында еліміздің бір облысына саяхат жасайды. Олар сол аймақтың танымал тұлғаларымен тілдесіп, сол өңірдің барлық жақсы жерлерін көрсетіп таныстырады. Жол барысында көрген талай қызықты оқиғалары қалың көрерменге ұнары сөзсіз.